«СҚ Фармация» ісі: қорғаныш киімін артығымен сатып алу кімнің нұсқауы болды

0
527

Былтыр сәуірде қорғаныш киімінің уақытылы жеткізілмеуі салдарынан медицина қызметкерлері жаппай коронавирус жұқтырған еді.


«СҚ Фармация» ісі: қорғаныш киімін артығымен сатып алу кімнің нұсқауы болды

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауынсыз «СҚ Фармация» былтыр қорғаныш киімдерін 500 мыңға артық алуды ұйғарды. Яғни, 1,5 млн қорғаныш киімінің орнына 2 млн-нын сатып алу жөнінде «Іңкәр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімге отырған. Сот тергеуі кезінде мекеменің қызметкерлері сатып алу процесіне қатысты егжей-тегжейлі түсіктеме берді, деп жазады 24.kz.

Олардың айтуынша, бұрынғы басшы Берік Шәріп «Іңкәр» серіктестігімен келісімге отыруға ешкімді мәжбүрлеген жоқ. Бәрі де мекеменің ішкі тәртібіне сәйкес әрі заң жүзінде іске асқан көрінеді. Алайда қорғаныш киімін артығымен сатып алу нұсқаулығы кімнен, қалай түскені туралы прокурордың сұрағына ешкім жауап бере алмады.

Еске салсақ, былтыр сәуірде қорғаныш киімінің уақытылы жеткізілмеуі салдарынан медицина қызметкерлері жаппай коронавирус жұқтырған еді. Осы ретте «СҚ Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріптің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сот тергеуі жалғасып жатыр.