​Өскемендік жұмысшыны топырақ басып қалды

0
1 431

Өскеменде арық қазып жатқан жұмысшы үйінді астында қалып қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Өскемендік жұмысшыны топырақ басып қалды

Өскеменде арық қазып жатқан жұмысшы үйінді астында қалып қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ KTK арнасына сілтеме жасап.

Бажов көшесінде арық қазып жатқан жұмысшы тосыннан опырылған дымқыл топырақтың астында қалып қойған. Оқиға орын алғанда оның қасында үш әріптесі болған. Олар дер кезінде құтқарушыларды шақырып үлгерген.

Арықтың тереңдігі 2 метр болған, дегенмен, басын топырақ баспаған. Куәгерлер үйіндінің ауыр болғаны соншалық, уақыт өткен сайын астындағы адамның тыныс алуы қиынға соққанын айтады. Шығыс өңірлік аэроұтқыр құтқару жасағының мамандары оны күрекпен аршып алған. Құтқару жасағының басшысы Сергей Голубевтың айтуынша құтқару жұмыстары 1 сағатқа созылған.

Зардап шегуші үйінді астынан шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Оның денесінен ешбір сынық пен жарақаттың белгісі байқалмағанымен, толық зерттеуден өткізу үшін ауруханаға жатқызылды.