​Әскери ұшқыштардың жалақысын өсіру мәселесі қарастырылуда

0
1 385

Былтырға жылы әскери ұшқыштар қатарынан 25 ұшқыш Эйр Астана, Скат әуе компанияларына ауысып жатыр. Ол жерде айлық жалақы жарты миллион теңгеге дейін жетеді. Салыстырмалы түрде қарасақ, көршілес Ресейдің ұшқыштары 800 мың рубль алады.


​Әскери ұшқыштардың жалақысын өсіру мәселесі қарастырылуда

Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінде өткен Үкімет сағатында әскери ұшқыштардың жалақысы жайлы сөз болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Вице-спикер Владимир Божко ұшқыштарды даярлайтын қажетті жаттығу құралдарының жоқтығы айтты. «Мен Ақтөбедегі әскери ұшқыштарды дайындайтын әскери институтта болдым. Ол жерде тікұшақ ұшқыштарын, транспорттық авиация ұшқыштарын дайындауға қажетті жаттығу құрылғылары жоқ», - деді. Өз кезегінде ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов ұшқыштардың жалақысы аз деген мәселені қозғады. «Осы мәселе бойынша мен елбасымызбен сөйлескен едім. Президент ұшқыштардың айлығын екі есеге, 450-500 мыңға дейін өсіруді айтып үкіметке тапсырма берді», - деп жауап берді.

Былтырға жылы әскери ұшқыштар қатарынан 25 ұшқыш Эйр Астана, Скат әуе компанияларына ауысып жатыр. Ол жерде айлық жалақы жаты миллион теңгеге дейін жетеді. Салыстырмалы түрде қарасақ көршілес Ресейдің ұшқыштары 800 мың рубль алады екен.