СҚО әкімі Петропавл атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

0
554

​Оның пікірінше, мұндай шешімді қоғам қабылдауы керек.


СҚО әкімі Петропавл атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл қаласының атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

«Бұл мәселе әзірше күн тәртібінде тұрған жоқ. Ол кулуарда талқыланып жатыр. Мен халықтың ұстанымын қолдаймын. Көшелердің атауын (әкім қала атауын меңзегені болуы мүмкін – автор) бір адам өзгертпейді, оны қоғам шешеді», - деді Құмар Ақсақалов «Астана» телеарнасына берген сұхбатында.