​СҚО-да 100-ден астам саяжайды су басты

0
989

Жалпы бүгінде өңірге Ақмола облысындағы шағын өзендерден келген су Есілге құйып жатыр.


​СҚО-да 100-ден астам саяжайды су басты

ERNUR.KZ.Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені соңғы тәулікте тағы 12 см-ге көтерілді, деп жазады «Хабар 24».

Салдарынан Петропавл қаласының шетінде орналасқан Заречный кентіндегі 100-ден астам саяжай учаскесін су басып қалды. Қазір онда ешкім тұрмайды. Дегенмен құтқарушылар бұл маңды бақылауға алып, кезекшілікке көшті. Мамандар әр үш сағат сайын мониторинг жасап, жағдайды жедел штабқа хабарлап отырады. Жалпы бүгінде өңірге Ақмола облысындағы шағын өзендерден келген су Есілге құйып жатыр. Осыған байланысты «Сергеев су» қоймасында судың деңгейі 4 см-ге көтерілді.

Рамиль Қамалов, облыстық ТЖД басшысы:

– Көктем келгелі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл қалыпты жағдай деседе болады. Өйткені жылда бұл учаскелер су астында қалады. Саяжайлардың нақты санын білу үшін дронның көмегімен әуеден бақылауды жоспарлап отырмыз.