СҚО-да 22 жастағы қыз бес күннен бері іздестіріліп жатыр

0
1 264

22 жастағы бойжеткен 3 сәуір күні түстен кейін шығып кетіп, қайта оралмаған.


СҚО-да 22 жастағы қыз бес күннен бері іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мен еріктілер із-түзсіз жоғалып кеткен жас қызды іздестіруде, деп жазады Stan.kz.

Полиция департаментінің ақпараты бойынша, 22 жастағы Елизавета Матюхина Петропавлдағы Уәлиханов көшесінде орналасқан үйден 3 сәуір күні түстен кейін шығып кетіп, қайта оралмаған.

Осы уақытқа дейін оның қайда екендігі туралы ештеңе белгісіз. Криминалдық полиция: арық денелі, бойы шамамен 166 см, шашы қоңыр, ұзын, қой көзді. Қара түсті капюшоны бар күртеше, қара-көк түсті шалбар, көк түсті галош киген.

Қала бойынша жоғалған суреттерді еріктілер жапсыруда. Қыз туралы қандай да бір ақпараты бар полицейлер телефон арқылы хабарлауды сұрайды:

8(7152) 39-48-37, 39-48-07,

8-747-559-70-71 немесе 102 нөміріне.