СҚО-да есірткіні шамадан тыс тұтынған 13 бала ауруханаға түскен

0
1 433

Есірткіден уланып ауруханаға түскен кәмелеттік жасқа толмаған 13 баланың екеуі 12 жастағы жасөспірім. Тәртіп сақшыларының айтуынша, синтетикалық есірткіден келер қауіп орасан.


СҚО-да есірткіні шамадан тыс тұтынған 13 бала ауруханаға түскен

ERNUR.KZ. СҚО-да синтетикалық есірткіні тұтынатындардың қатары артып келеді. Былтыр еліткішті шамадан тыс қолданған 13 бала ауруханаға түсті, деп жазады ҚазАқпарат.

Есірткіден уланып ауруханаға түскен кәмелеттік жасқа толмаған 13 баланың екеуі 12 жастағы жасөспірім. Тәртіп сақшыларының айтуынша, синтетикалық есірткіден келер қауіп орасан. 2016 жылы облыста мұндай еліткішті тұтынудың бір ғана фактісі тіркелген болса, 2017 жылы алтау, ал былтыр оның саны 52-ге жеткен.

Осыған орай, биыл СҚО Полиция департаменті ведомствоаралық бағдарлама әзірледі. Соған сәйкес нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жасау шаралары көптеп қолға алынбақ.

«Еуропалық тәжірибе өз нәтижелілігін көрсетті. Яғни, есірткі бизнесімен күрескеннен гөрі оның алдын алған анағұрлым тиімді. Былтыр 13 бала есірткіні шамадан тыс тұтынып, ауруханаға түсті. Барлығы да кәмелет жасына толмағандар. Соңғы үш жыл аралығында синтетикалық есірткіні пайдаланушылар қатары 52-ге жеткен. Былтыр синтетикалық есірткіні үйінде сақтап, сатып жүрген 23 қылмыскер ұсталды. 200 грамм героинмен қолға түскен цыган келіншегі 6,5 жылға сотталды»,-дейді СҚО ПД есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Есірткі бизнесімен айналысатындар интернет арқылы саудасын қыздырып жатыр. Петропавл қаласы бойынша жарнама сайтына 272 адам тіркеліпті. Полицейлердің айтуынша, араларында автобус жүргізушілері де бар.