​СҚО-да қызылшаға 208 адам шалдыққан, олардың жартысы - балалар

0
1 145

Облыста эпидемияға қарсы барлық қажетті іс-шаралар жасалуда.


​СҚО-да қызылшаға 208 адам шалдыққан, олардың жартысы - балалар

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында қызылшаға қарсы 53 мың тұрғынға қосымша екпе жасалады, деп жазады ҚазАқпарат.

Өңірде қызылшаға қарсы қосымша екпе жұмыстары басталып кетті. Бірінші кезекте вакцинациядан бір жасқа толмаған сәбилер өтпек.

«21 наурыз күні облыс қоймасына қызылшаға қарсы 10 мың дана вакцина түсті. Ол 1 сәуірде медициналық ұйымдарға жеткізілсе, бүгіннен бастап 9-10 айлық сәбилерге екпе жасала бастады», - деді СҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Серікбай Қасмақасов.

Облыста эпидемияға қарсы барлық қажетті іс-шаралар жасалуда. Штаб құрылып, медицина қызметкерлері, мектептер мен басқа да тиісті мекеме өкілдері қатысқан семинарлар өтті. Емханалар мен аумақтық басқармалардың жұмысы демалыс күндері де ұйымдастырылды. Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 88000808103 колл-орталығы арқылы хабарласқандарға инфекционист-дәрігер мен эпидемиолог ақыл-кеңес береді.

Өткен аптада өңірде қызылшаны жұқтырғандардың саны тағы 12-ге артты. Оның төртеуі - ересек, сегізі 14 жасқа дейінгі балалалар болса, қалғаны жасқа толмаған сәбилер. Жалпы қызылшамен ауырғандардың саны 208-ге жетті, оның жартысы - балалар.