СҚО-да мемлекеттік кәсіпорын бір теңгеге бағаланды

0
922

Кәсіпорынды сату бойынша аукцион 4 қарашада өтеді.


СҚО-да мемлекеттік кәсіпорын бір теңгеге бағаланды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласындағы көгалдандырумен айналысатын мемлекеттік кәсіпорындардың бірі небәрі бір теңгеге бағаланды, деп жазады baq.kz.

Енді құрылтайшысы Мамлют ауданы әкімдігі болатын «Мамлютское 1» ЖШС аукционда жеке меншікке сатылады.

Кәсіпорынды сату бойынша аукцион 4 қарашада өтеді. Мойнында қарызы болғандықтан «Мамлютское 1» ЖШС балансындағы ғимараттар, автомобильдер, тұрмыстық техниканың құны 1 теңгеге бағаланған. Аукционда кәсіпорынның бастапқы бағасы небәрі 100 теңге болады.


Өткен жылы бюджетке алты миллион теңгеге жуық салық төлеген мемлекеттік кәсіпорынды су тегінге беретіндей белшесінен қарызға батып кеткені қалай? Бұны енді құрылтайшысынан анықтау керек, - деп жазды басылым.

Adata.kz қызметінің хабарлауынша, 2021 жылға арналған мемлекеттік сатып алуға қатысу нәтижесінде компания жалпы сомасы 32 млн теңге болатын 31 шарт жасасқан.