СҚО-да шенеунік бюджеттен жымқырған ақшасына дәмхана сатып алған

0
776

Ол қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деген күдікке ілініп отыр.


СҚО-да шенеунік бюджеттен жымқырған ақшасына дәмхана сатып алған

ERNUR.KZ. СҚО әкімдігі қаржы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды (жымқыру) деген күдікке ілінді, деп жазады ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық қаржы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына қатысты тергеуді бастады. Ол қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деген күдікке ілініп отыр.

Ол Петропавл қаласында бизнес жүргізу үшін 286,5 млн теңге сомаға жылжымайтын мүлікті (әкімшілік үй-жай мен іргелес жер учаскелері бар қоғамдық тамақтану ғимаратын) сатып алу арқылы ұрланған бюджет қаражатын заңды айналымға енгізбек болды деп айыпталуда.

Сондай-ақ, бұған дейін хабарланғандай, жоғарыда көрсетілген жауапты лауазымды тұлғаның 500 млн теңгеден астам бюджет қаражатын біреулермен бірлесіп жымқырды деген күдік бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Сот аталған қылмыстық іс бойынша күдіктіге қатысты алдын ала «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайды.