​СҚО-да жаңажылдық безендіруге ақша жұмсалмайды

0
1 432

Солтүстік Қазақстан облысының бюджеті "аз, 9 миллиард теңге ғана".


​СҚО-да жаңажылдық безендіруге ақша жұмсалмайды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақтың Жаңа жылға дайындығы туралы айтып берді, деп жазады Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының бюджеті "аз, 9 миллиард теңге ғана".

"Бізде басқа облыстармен салыстырғанда 10 есе аз. Соның әсерінен көп нәрсеге, әсіресе қаланы безендіруге қаражат жете бермейді. Сондықтан қала басшылығына биыл безендіруге бюджеттен ақша бөлінбейтінін айттым", - деді Ақсақалов.

Аймақ басшысы Петропавл қаласының әкімімен арнайы Астанаға келіп, әкімге бас қаланың безендірілуін көрсеткенін айтты.

"Конструкция құруда ешқандай қиындық жоқ. Мысалы, мұның барлығын колледждерде жасауға болады. Сондықтан биыл бұл мақсатта қаражат бөлінбейді", - деді Құмар Ақсақалов.

Еске салайық, былтыр да Петропавл қаласын Жаңа жылға безендіруге бюджеттен ақша үнемдеген еді.