​СҚО-ға көмекке Тараз қаласынан 30 құтқарушы келді

0
1 171

Құтқарушылардың айтуынша, қазіргі уақытта 3 бекет қойылған.


​СҚО-ға көмекке Тараз қаласынан 30 құтқарушы келді

ERNUR.KZ. Өткен тәулікте СҚО-да бір де бір тұрғын үйді су басқан жоқ. Ал Ш.Уәлиханов ауданында су деңгейі түсе бастады, деп жазады ҚазАқпарат.

Алайда, өңірдің үш ауданында жергілікті маңызы бар жолдардың 10 учаскесін су шайып кетті. Облыстық Төтенше жағдай департаменті мамандарының мәліметінше, Ғ.Мүсірепов, Ақжар және Ш.Уәлиханов аудандарындағы жолдарды су басып қалған. 10 учаскенің тоғызында автокөліктердің өтуіне жағдай жасалған. Ал Ғ. Мүсірепов ауданындағы Чистополье ауылына барар жол уақытша жабылғанымен, елді мекенмен байланыс үзілген жоқ.

Құтқарушылардың айтуынша, қазіргі уақытта 3 бекет қойылған. Олардың бірі Қаратал ауылының маңында, тұрғындарды Қулыкөл елдімекеніне жеткізумен айналысты. Екіншісі 13-су өткізу құрылысының жанында орналасып, төтенше жағдай қызметінің мамандары мұз кессе, үшіншісі Сегіз көз су өткізу құрылысының маңында су деңгейін бақылайды.

Жағдайды бағалау үшін Аққайың, Ақжар және Тайынша аудандарының аумағы тікұшақпен қаралды. Қауіпті аймақтардан 100 қой-ешкі көшірілді.

Ал 2 сәуірде күні Жамбыл облысынан Есіл ауданына 30 адам мен 5 техника жеткізілді. Тараздық құтқарушылардың мақсаты - облыс аумағында тасқын судың алдын алуға көмектесу.