Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жұмыс табуға болады

0
1 570

Бағдарлама enbek.kz электронды порталымен байланыста жұмыс істейді


Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жұмыс табуға болады

ERNUR.KZ. Енді тегін Smart Astana мобильді қосымшасының көмегімен онлайн режимінде астаналық жұмыс берушілер ұсынған бос орындарды таңдау мүмкін болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Smart Astana тегін мобильді қосымшасы онлайн режимде бір мезетте бірнеше операцияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, мобильді қосымшада ұсынылған 10 айдарда қызметтің 70-тен астам түрі қолжетімді. Бұдан былай аталмыш қосымша арқылы елордадағы бос жұмыс орындарын табуға болады.

Бағдарлама enbek.kz электронды порталымен байланыста жұмыс істейді. Өзекті деген бос жұмыс орындары мұнда да күнделікті жаңартылып тұратын болады.

Айта кетейік, Smart Astana қосымшасы Apple Store және Play Market-те қолжетімді. Осы уақытқа дейін қосымшаны 120 000 адам жүктеп үлгерген.