Солтүстік Қазақстан облысының төрт ауданында жол жабылды

0
776

112 қызметі ескерту жіберді.


Солтүстік Қазақстан облысының төрт ауданында жол жабылды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстық маңызы бар жолдар жабылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Айыртау, Жамбыл, Мәмлүт және Шал ақын аудандарында таңғы сағат 10-нан бастап барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Өңірде ауа райы тағы да бұзылды: жел қатты соғып, бұрқасын, жауын-шашын жауып жатыр, жол көрінбейді.

112 қызметі ескерту жіберді. Синоптиктердің болжауынша, таяу күндері өңірде ауа температурасы 0 – плюс 1-2 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.