Солтүстік Қазақстанда өрттен 10 жасар бала мен 8 жасар қарындасы қаза тапты

0
372

Шөп сарайында шыққан өрттен 10 және 8 жастағы балалар қаза тапты.


Солтүстік Қазақстанда өрттен 10 жасар бала мен 8 жасар қарындасы қаза тапты

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Талшық ауылында 27 мамырда қайғылы оқиға орын алды. Шөп сарайында шыққан өрттен 10 және 8 жастағы балалар қаза тапты. Болжам бойынша балалар отпен ойнап, өрт шыққан, деп жазады Stan.kz.

Бұл күні 15:30-да аудан орталығының № 8 өрт сөндіру бөліміне Талшық ауылы Луговая көшесінде шаруашылық құрылыстары мен шөп жанып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Өрт сөндіруші қарауыл оқиға орынына келген кезде сарайдың ағаш төбесі мен жиналған отар өртеніп жатқан.

“Өрт сөндіру барысында орыннан үй иесінің кәмелетке толмаған 2012 жылы туған ұлы мен 2014 жылы туған қызының жансыз екі денесі табылды. Жергілікті халықтың айтуынша, олар өрттің алдында сарайдың төбесінде ойнаған. Оқиғаның нақты себебі анықталуда”, – деп хабарлайды аймақтың ТЖ департаментінің қоғаммен байланыс тобы.

Ағымдағы жылдың басынан бері Ақжар ауданының аумағында балалардың отпен ойнауына байланысты 2 өрт оқиғасы тіркелген. Ведомство мамандары ата-аналардан балаларға өрт кезіндегі тәртіп ережелерін түсіндіруді сұрайды.

“Егер өрт басталса үйде немесе пәтерде қалуға, шкафтарда, қоймаларда, кереуеттің астында жасырынуға болмайды. Қатты жалынды өз күшімен сөндіруге ұмтылуға болмайды. Мүлікті сақтаймын деп өмірге қауіп төндіруге болмайды. Терезелер мен есіктерді ашпаңыз. Су құбырлары мен арқан арқылы түсуге өрт кезінде лифтіні пайдалануға болмайды. Әрбір бала өрт сөндірушілерді "101" және "112" нөмірлері шақыруға болатынын білуі тиіс. Балалар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауы, отпен ойнамауы тиіс. Әрбір ата-ана бұл ақпаратты өз баласына жеткізуге міндетті”, – деп кеңес береді өңір құтқарушылары.