Солтүстік Қазақстанда жер үй өртеніп, 4 адам қайтыс болды

0
621

Құтқарушылар жеткенге дейін шатыр құлап, үй толықтай өрт құрсауында қалып қойған.


Солтүстік Қазақстанда жер үй өртеніп, 4 адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстанда отты абайсыз пайдалану салдарынан өрт шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

«2020 жылдың 29 тамызында сағат 04:01-де Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД-ға Есіл ауданы Ильинка ауылында тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабар түскен. Сағат 04:03-те аталған жерге өрт сөндірушілер жіберілді. Оқиға орнына сағат 05:04-те (42 шақырым) жеткен өрт сөндірушілер тұрғын үйдің, аула шатырының, моншаның және шаруашылық қора-жайдың өртке оранғанын көрген. Олар жеткенге дейін шатыр құлап, үй толықтай өрт құрсауында қалып қойған. Куәгерлердің айтуынша, үйде адамдар болған. Өрт сөндіру кезінде 1969 және 1992 жылғы ер адам мен 1969 жылғы әйелдің, 2016 жылғы баланың денесі табылды», - делінген ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарламасында.



Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт 05:47-де ауыздықталып, 07:18-де сөндірілді. Жалын жалпы 188 шаршы метрді шарпыған.