Солтүстік Қазақстанда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

0
663

​Жолаушылар тасымалдайтын көлікте 16 адам болған. Олар аязды күні жолда үсіп қала жаздаған


Солтүстік Қазақстанда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлютка-Қостанай тас жолында 16 жолаушысы бар автобус жыраға түсіп кетті. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ адамдар үсіп қала жаздады, деп жазады sputniknews.kz.

Жол апаты бүгін болды. "КАВЗ-4238" қоғамдық көлігінің жүргізушісі оны басқара алмай қалып, жыраға түсіп кеткен. Автобуста 16 жолаушы болған, олардың қатарында бес жасар бала да бар.

Дегенмен жүргізуші амал табады. Ол тас жолға шығып, осы бағыттағы автобусты тоқтатып, барлық жолаушыны отырғызып жібереді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазір "Қазавтожол" қызметкерлері жыраға түсіп кеткен көлікті шығаруға көмектесіп жатыр. Апаттың алдын ала себебі – көлік құралының техникалық ақауы.

Еске салсақ, 27 қараша күні 45 жолаушысы бар автобус Алматы – Ташкент тас жолында тұрып қалған болатын. Ол да техникалық ақау шығып, сынып қалған еді. Көлікте 45 қазақстандық болған, оның бесеуі – балалар.