Солтүстікке қоныс аударған қандастардың тұрғын үй алу құқығы сақталсын – Президент

0
705

Бұған дейін олар қандас мәртебесінің мерзімі аяқталған соң үй ала алмайтын.


Солтүстікке қоныс аударған қандастардың тұрғын үй алу құқығы сақталсын – Президент

ERNUR.KZ. Ұлттық кеңестің кезекті отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев солтүстік өңірге қоныс аударған қандастар «қандас мәртебесінің» мерзімі аяқталғаннан кейін де үй алу құқын сақтай алатынын мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Мемлекет басшысы аталған шара шетелден оралған қандастарымыздың жұмыс күші тапшы солтүстік өңірге қоныс аударуына ықпал ететінін жасырмады.

«Ата жұртқа оралған қандастарды тұрғын-үймен қамтасыз ету мәселесі де толық шешілген жоқ. Олардың бір жылға берілетін қандас мәртебесінің мерзімі аяқталғанша ғана үй алуға мүмкіндіктері бар, ал азаматтыққа ие болған соң бұл мәртебе жойылып, үй алу құқынан бірден айырылады. Осыған орай, азаматтық алған қандастарымыз солтүстікке көшсе, үкімет олардың үй алу кезегінің сақталуын қамтасыз етуі керек. Бұл шара қандастардың осындай жұмыс күші тапшы аймақтарға көшіп баруына қосымша серпін береді», - деді президент.

Одан бөлек, Тоқаев «Серпін» және «Дипломммен ауылға» бағдарламаларының тиімділігін қайта қарауға тапсырма берді.