​Солтүстікте 60 адамды кене шаққан

0
1 685

Көктемнің ерте шығуы мен күннің күрт жылынуынан кенелер көбейіп отыр.


​Солтүстікте 60 адамды кене шаққан

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында 60 адамды кене шақты, деп жазады "24 хабар"

Бүгінде кене шағылғандардың 24-і бала болып отыр. Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті қызметкерлерінің хабарлауынша, қан сорғыштардың көбеюіне көктемнің ерте шығуы мен күннің күрт жылынуы себеп болған. Сондықтан мамандар жергілікті тұрғындарға ескерту жасайды.

Әсіресе табиғат аясына шығып демалатын адамдарды мұқият болуға шақырады. Егер кене шақса, бірден дәрігерге қаралған жөн. Өйткені зиянкес жәндіктер жұқпалы ауруларды тасымалдаушы болып саналады.