Соңғы бір аптада елімізде 12 адам суға кеткен

0
326

Қазіргі таңда елімізде шомылуға рұқсат берілген 469 орын бар.


Соңғы бір аптада елімізде 12 адам суға кеткен

ERNUR.KZ. Соңғы бір аптада елімізде 12 адам суға кеткен, оның екеуі бала. Бұл туралы онлайн брифингте төтенше жағдай министрлігінің өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар24.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі таңда елімізде шомылуға рұқсат берілген 469 орын болса, оның үш жүзге жуығы жекеменшік жағажайлар. Жалпы Қазақстанда 50 мыңнан астам су айдыны бар. Оның 125 бөлігінде құтқару бөлімшелері жұмыс істейді. Жалпы шомылу маусымы алдында елімізде 48 жылжымалы құтқару бекеті қойылады. Су маңындағы демалыс орындарында арнайы дайындықтан өткен 108 нысанды құтқару бекеті құрылады. Шомылу маусымына дайындықты пысықтаған төтеншеліктер қазақстандықтарды суға түскенде сақтық шараларын ұмытпауға шақырды.

- Бүгінгі таңда 53 адам, оның ішінде 26 бала суға батып қайтыс болуы тіркеліп отыр. Жыл басынан су айдындарында барлығы 38 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды. Суда қаза табудың басты себебі жабдықталмаған, тыйым салынған жерде шомылу, - деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов.