Сот алматылықтардың карантинге қатысты арызын қараудан бас тартты

0
798

Алматы қалалық соты талап арызды қараудан бас тартқанын растады.


Сот алматылықтардың карантинге қатысты арызын қараудан бас тартты

ERNUR.KZ. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантиндік шараларды сақтау туралы қаулысына қарсы арыз талапкерлерге кері қайтарылды, деп жазады Stan.kz.

Ұжымдық талап арыздың бастамашысы болған қазақстандық заңгер Жангелді Сүлейменов оны қараудан бас тарту үшін ешқандай заңды себептердің жоқ екенін мәлімдеді.


"Медеу соты Алматыдағы карантинді заңсыз деп тану туралы талап-арызымызды қайтарды. Алдымен денсаулық сақтау министрлігіне, тек содан кейін сотқа шағым беру керек екен. Бұл заңда жоқ. Бізде мемлекеттік органдарға миллиондаған шағым тікелей сотқа беріледі және соттар әрдайым талап-арыз қабылдайды", - деп жазды заңгер өзінің Facebook-тегі парқшасында.


Жангелді Сулеймановтың сөзіне қарағанда, талап арыз бастамашылары мен заңгерлер о баста сот өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін барлық мүмкіндікті қолданады деп болжап, тіпті сотта төлеу кезінде қате болғаны туралы мәселелер туындамас үшін бірден екі мемлекеттік бажды төлеген.


"Арызда бәрін мүмкіндігінше көрсеттік. Бірақ сот заңсыз түрде қайтару себебін ойлап тапты. Бұл өте өкінішті...",- деп түйіндеді заңгер.


Алматы қалалық соты талап арызды қараудан бас тартқанын растады.


"Арыз қайтарылды. Дауды сотқа дейін реттеу тәртібі сақталмады", - деді соттың баспасөз қызметі.