Сот удай мас: Желідегі видеоға қатысты тексеру басталды

0
2 393

Видеоға қатысты Алматы қалалық сотының өкілі Абай Жарылқасын түсініктеме берді.


Сот удай мас: Желідегі видеоға қатысты тексеру басталды

ERNUR.KZ. Алматы қалалық соты әлеуметтік желіде пайда болған видеоға байланысты тексеру басталғанын ресми жариялады, деп жазады zakon.kz.

19 қаңтарда Kozachkov offside Telegram арнасында "мас еркектердің" видеосы жарияланды.

Тағы бір қызық видео келіп жетті, судьялардың видеосын жариялаған жөн бола ма, өзі? Бұл адамдардың бірі - Қуаныш Әріпов төрағасы болып табылатын Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының белсенді Фемида мүшесі екені айтылады", - делінген видео астындағы сипаттама жазбада.

Бұл видеоға қатысты Алматы қалалық сотының өкілі Абай Жарылқасын Facebook парақшасында түсініктеме берді.

Бүгін әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырған видео жарияланды. Оған жазылған пікірлерден бұл видеодағы адам Алмалы аудандық сотының судьясы деген пайым айтылып қалып жатыр. Осы факт бойынша Алматы қалалық соты ресми тексеру бастағанын хабарлаймын.
Абай Жарылқасын