Сотталғандар дәрігерлерге ерекше сыйлық жасады

0
1 076

Қамқорлық акциясын сотталғандар бірінші рет өткізіп отырған жоқ.


Сотталғандар дәрігерлерге ерекше сыйлық жасады

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында қатаң тәртіптегі түрмедегі сотталғандар дәрігерлерге ерекше тарту жасады, деп жазады Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысында қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтеуші сотталғандар екікүндік жылыжайдан жинаған көкөніс өнімдерін Семей қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына жолдады. ОВ-156/14 мекемесінде жазасын өтеушілер жылыжайдан жаңа жиналған көкөніс өнімдерін COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне жолдады.

“Ел басына төнген қауіпті індет кезінде барлығымыз жұмылған жұдырықтай болатын уақытымыз келді, міне сол себепті жылыжайымыздың екікүндік өнімін біз медицина қызметкерлеріне жіберіп отырмыз”, -деді сотталған Фархад.



ОВ-156/14 мекемесінен келген тартуға өз атымнан және барлық карантинде ұсталатын адамдар атынан алғысымды білдіремін. Сіздерге еңбектеріңіз бен құрметтеріңіз үшін рахмет айтамын, біз үшін ол өте маңызды”, – деді врач-инфекционист бөлім меңгерушісі Анар Мұкатаева.

Еске сала кетейік, ОВ-156/14 мекемесінде жазасын өтеушілер бұрында өздерінің өнімдерін Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне тарту еткен болатын. Осындай қамқорлық акциясын сотталғандар бірінші рет өткізіп отырған жоқ.

“Қазіргі уақытта дәрігерлер ерекші қамқорлыққа мұқтаж. Біз олардың жұмысына тәнтіміз. Осы жәшіктегі көкөністер оларға күш-қуат береді деп ойлаймыз. Өйткені олар ауыржүктемелі жұмыс кестесімен тіпті тамақтануға да үлгермейді. Тарту етіліп отырған көкөністер қажеттілігі маңызды деп ойлаймыз”, – дейді мекеме басшысының орынбасары Айдын Калелов.