Соттар қарайтын азаматтық істердің бірқатары нотариустерге берілді

0
1 054

Сот арқылы шешілуіне даулы негіздер жоқ болғандықтан, сот әуре-сарсаңға түспейді


Соттар қарайтын азаматтық істердің бірқатары нотариустерге берілді

ERNUR.KZ. Бұдан былай Меншік құқығын қорғау жөніндегі заң азаматтық-құқықтық даулардың кейбір түрлерін енді нотариустар қарастыратын болды, деп жазады baq.kz.

«Бұл берешекті өндіріп алу бойынша даусыз талаптар. Мысалы, еңбек ақысын өндіріп алу туралы, коммуналдық қызметтер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы және нотариалды куәландырылған мәмілеге негізделген міндеттемелер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы талаптар және басқалар», - дейді мамандар.

Айта кетейік, бұл шара сот арқылы шешілуіне даулы негіздер жоқ болғандықтан, сот әуре-сарсаңын болдырмайды.

Сонымен қатар, балаларды асырауға алимент өндіріп алу, медиативтік келісімдерді орындау туралы және басқа да даусыз құжаттардан туындайтын азаматтық істердің 10 санаты сотта жеңілдетілген іс жүргізу нысанында қаралатын болады, онда қарау және шешім шығару мерзімі үш күнмен шектеледі.

«Тиісті түзетулер Азаматтық процестік кодекске және «Нотариат туралы» заңына меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша заң шеңберінде енгізілді», - деді ведомстводан.