«Спутник V» мутацияланған коронавирусты жеңе алады

0
1 322

14 желтоқсанда Британияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок елде вирустың жаңа штамы табылғанын мәлім еткен еді.


«Спутник V» мутацияланған коронавирусты жеңе алады

ERNUR.KZ. Ресейдің «Спутник V» вакцинасы коронавирустың жаңа штамын жеңе алады. Бұл туралы елдегі тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.


«Біздің дерегіміз бойынша, «Спутник V» екпесі Еуропада табылған коронавирустың жаңа штамына қарсы тұра алады», – деді ол.


Еске сала кесек, 14 желтоқсанда Британияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок елде вирустың жаңа штамы табылғанын мәлім еткен еді. Оның айтуынша, бұл фактор COVID-19 дертінің Англияның оңтүстік-шығысында тез таралуының себебі болуы мүмкін. Елдегі қоғамдық денсаулық сақтау қызметі штамм қыркүйек айында пайда болды, бірақ қараша айынан бастап тарала бастады деп хабарлады.

Ғалымдар қазір жаңа штамм дерттің ауыр түріне себепші болатынын не болмайтынын анықтап жатыр.