Стамбулда 27 жастағы қазақстандық азамат жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

0
575

Мәлік Қазақстаннан 24 ақпанда кеткен. Ол ата-анасына Ыстамбұлда өтетін Dota турниріне қатысатынын айтқан.


Стамбулда 27 жастағы қазақстандық азамат жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Теміртау қаласының 27 жастағы тұрғыны Мәлік Бидашов Стамбулда жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Жақындары оған 9 наурыздан бері хабарласа алмай жатыр, деп жазады Stan.kz.

Мәлік Қазақстаннан 24 ақпанда кеткен. Ол ата-анасына Ыстамбұлда өтетін Dota турниріне қатысатынын айтқан. Түркияға келгеннен кейін олармен хабарласып, байланыста болған. Соңғы рет олар 9 наурызда жақындарымен сөйлесіпті. Содан кейін байланыс үзілген.

"Ол 24 ақпанда ұшып кетті. Бірақ оның бағыты да түсініксіз еді. Елден Мәскеуге, одан кейін Минералды суға, содан кейін ғана Стамбулға ұшты. Ол ата-анасына саяхаттағысы келетінін айтқан. Ата-анасы ұлын жіберуге қарсы болған. бірақ ол өз қалауымен шетелге кетіпті. 9 наурызға дейін ол байланыста болды, одан кейін ол байланысқа шықпады.Соңғы рет әлеуметтік желіге 9 наурызда кірген", – дейді Мәліктің әпкесі Сабина Зудина.

Жоғалған адамның туыстары Мәлік телефонын жоғалтып алуы мүмкін немесе оның ақшасы таусылып, смартфонды ломбардқа қоюы мүмкін деп болжайды.

"Ол өте мейірімді, жанашыр бала. Үйінің жалғызы. Бұған дейін елордамыз Алматыда түрлі мекемелерде бармен болып жұмыс істеген. Пандемияға байланысты Теміртауға оралды. Ата-анасы Теміртаудағы және Түркияда таныстары арқылы полицияға хабарласып үлгерді. Оның елге қайтып ұшпағанын да білді. Ол жақын арада табылар деп үміттенеміз", - деп қосты Сабина.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалған азаматтың ата-анасы арыз жазғанын растады.

"Өтініш 16 наурызда түсті. Туыстары іздеуде жүрген азаматтың Түркияға жарысқа кеткенін және соңғы рет 9 наурызда хабарласқанын айтты. Өтініш тіркелді, іздестіру шаралары кешені жүргізілуде", - деп хабарлайды полиция басқармасы.