Стамбулдан Алматыға бағыт алған ұшақ құстармен соқтығысқан (фото)

0
2 328

Ұшақтың тұмсық жағы мен ауа қысымын бақылайтын бөлігіне зақым келген.


Стамбулдан Алматыға бағыт алған ұшақ құстармен соқтығысқан (фото)

ERNUR.KZ. Стамбулдан Алматыға бағыт алған Turkish Airlines Cargo әуе компаниясының жүк таситын ұшағы шұғыл түрде Ататүрік әуежайына қайта қонуға мәжбүр болған. Белгілі болғандай әуе кемесі бір топ құспен соқтығысып қалған, деп жазады nur.kz.

Yeni Safak түрік басылымының хабарлауынша, Turkish Airlines Cargo әуе компаниясының Boeing 777 ұшағы 3 қаңтар, жексенбі күні Ататүрік әуежайынан Алматыға ұшып шыққан.

Көкке көтерілгеннен кейін әуе кемесі бір топ құспен соқтығысқан. Жарты сағаттан кейін ұшақ Ататүрік әуежайына апатты жағдайда қонған.

Ұшақтың тұмсық жағы мен ауа қысымын бақылайтын бөлігіне зақым келген. Ол жөндеуге жіберілген.