Станбұлдағы қазақтар жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесіп жатыр

0
407

Гуманитарлық көмек түрік билік органдарының келісімімен жасалып жатыр.


Станбұлдағы қазақтар жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесіп жатыр

ERNUR.KZ. Станбұлдағы қазақтар жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек жолдап жатыр, деп жазады baq.kz.

Қазақстанның Станбұлдағы Бас консулдығы, еліміздің белсенді азаматтары, студенттер және жергілікті қазақ диаспорасы Түркияның алапат зілзала салдарынан зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмек жолдау бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Осы уақытқа дейін сомасы шамамен 160 мың АҚШ долларын құрайтын көмек жиналып, жөнелтілді, - делінген СІМ таратқан хабарламада.

Атап айтқанда, балалар тағамдары, балалар киімдері, жөргектер, азық-түлік, жылы киімдер, көрпелер және т.б. қажетті өнімдер жолдануда.

Гуманитарлық көмек түрік билік органдарының келісімімен жасалып жатыр.

Бас консул Әлім Байел бүкіл Қазақстан жұмылып бауырлас Түркияға қолдау көрсетіп жатқан сәтте бұл көмекке өз үлесін қосып жатқан Ыстанбұлдағы қазақтарға алғыс айтты.