Студенттер оқумен емес, пәтер ақысын төлеумен әлек болып жүр - депутат

0
436

Ернұр Бейсенбаев үкіметке депутаттық сауал жолдап, шұғыл жатақхана мәселесін реттеудің жолын қарастыру керектігін ескертті.


Студенттер оқумен емес, пәтер ақысын төлеумен әлек болып жүр - депутат

ERNUR.KZ. Студенттер оқумен емес, пәтер ақысын төлеумен әлек болып жүр, дейді мәжілісмен Ернұр Бейсенбаев, деп жазады sputnik.kz.

Ол үкіметке депутаттық сауал жолдап, шұғыл жатақхана мәселесін реттеудің жолын қарастыру керектігін ескертті.

Оның айтуынша, мәселе шешілмесе алыс аймақтарда білім іздеп келген жастардың далада түнейтін түрі бар.

Себебі жатақханаларда орын тапшы. Ал пәтер жалдау құны жоғары болғандықтан, көбінің қалтасы мұны көтере бермейді. Қазір 80 мың студент жатақханаға мұқтаж.

Депутаттың келтірген мәліметіне сәйкес, Қазақстанда жаңа оқу жылын 1,1 млн студент бастапты. Алайда оның тек 15 проценті, яғни 169 мыңы ғана жатақханамен қамтылған.