Субұрқақта балықтар жүр

0
948

​Тұқы тұқымдасына жататын мөңкелердің ұзындығы 45-см болса, салмағы 2 кило тартады.


Субұрқақта балықтар жүр
ERNUR.KZ. С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің алдындағы субұрқаққа мөңке балықтардың алғашқы легі жіберілді, деп жазады egemen.kz.

Тұқы тұқымдасына жататын мөңкелердің ұзындығы 45-см болса, салмағы 2 кило тар­тады. Тоғандарда өсірілетін көп­шілікке белгілі балық.

Енді жаз бойы оларды күтіп-баптаумен осы оқу орнының оқытушысы профессор, биолог Александр Убаськиннің жетек­шілігіндегі биология және экология кафедрасының мамандары айналысады.

Университет аумағы жаз айларында Open Air режімінде жұмыс істейді. Қала тұрғындары, қызықтап келетін балалар, қо­нақ­тар үшін субұрқақ алаңы демалыс орнына айналуда. Бұл студенттер, сондай-ақ оқуға тү­суге келген мектеп түлектері үшін де қызықты болмақ.

Балықтардың екінші легі субұрқаққа түсетін күн де алыс емес.

Аумақта жел, күн энергияла­рын алу үшін арнайы алаңдар жасалған. Соның арқасында студенттер энергияның балама­лы түрін алу жолдарымен іс жүзінде танысуда.

Қазір «Ақылды қалалар» қатары көбеюде. Неше түрлі ин­новациялық жаңалықтарды естисіз. Мысалы, елордамыздағы түрлі балықтарға толы Океа­нариум Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Құрғақ субұрқақ та ерекше. Ат­қылап алып, қайта жоғалып кететін субұрқақ еріксіз қызық­ты­рады. Неше түрлі әуенді су бұрқақтар да бар.

Аталмыш істің басы-қасында жүрген ғалым Александр Убась­кин – популяциялық эколо­гия, биоәртүрлілік және ихтиология бойынша 150-ге жуық ғылыми еңбектің авторы. Бұл жұмыстар іс жүзінде үлкен тәжірибелік қолданысқа ие болды, ал жаңашыл идеялары бірегей ғылыми айналымға енгізілді.