Судың да сұрауы бар: Елімізде су қымбаттады

0
710

Қазақстандықтар суды көп тұтына бастады.


Судың да сұрауы бар: Елімізде су қымбаттады

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар суды көп іше бастады. Жылдың бірінші тоқсаны бойынша су және алкогольсіз сусындарды тұтыну 22% өсті, деп жазады baq.kz.

Бір ай ішінде еліміздің қалаларында минералды және асханалық бөтелкедегі ауыз су 1,6% -ға, бір литрі 94,3 теңгеге дейін қымбаттады. Бағаның жылдық өсімі 10% болып отыр.

Шыжыған ыстықта шөл қандыру үшін атыраулықтар ыдыста сатылатын судың бір литріне 116 теңге, семейліктер 109 теңге жұмсаса, ал Петропавл тұрғындарының 104 теңге төлеуіне тура келеді.

Десе де COVID-19 пандемиясы кезеңінде минералды және газдалған су өндірісі қысқарған. Қаңтар–сәуір айларында 185 млн литр шығарылды — жылына 3,4% минус. Бұрын екі жыл қатарынан сектордағы өндіріс көлемі тұрақты өскен болатын.

Сонымен қатар, өзге де алкогольсіз сусындарды шығару керісінше 4,2%-ға, 488,9 млн литрге дейін өсті.

Жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, қазақстандық компаниялар алкогольсіз сусындарға деген сұранысты толығымен қамтамасыз етті. Барлық ішкі және сыртқы сатылымдардың 92%-ы жергілікті өндіріспен жабылды.

Қысқасы, қазақстандықтар суды көп тұтына бастады. Елдің ішкі нарығында су мен басқа да сусындарды тұтыну қаңтар-наурыз айларында өткен жылмен салыстырғанда бірден 22,2% -ға өскен.