Сұлулық салоны қызметкерін өлтірді деген ерлі-зайыпты күдіктілер ұсталды

0
1 476

Өзгенің қолынан ажал құшқан келіншектің артында екі баласы қалды.


Сұлулық салоны қызметкерін өлтірді деген ерлі-зайыпты күдіктілер ұсталды

ERNUR.KZ. Үш апта бұрын Алматыдан шығатын жолда (Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылына жақын маңда) із-түссіз жоғалып кеткен 40 жастағы Батура Мамедова өлі табылды. Бұл мәліметті облыстық полиция департаменті өкілдері растады, деп жазады тengrinews.kz.

Полиция мәліметінше, әйелді өлтірді деген күдіктілер ұсталған.

"Алматы облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен Батура Гадированы (қайтыс болған әйелдің күйеуінен алған тегі - авт. түсіндірмесі) іздеу барысында оның жоғалуына қатысы бар екі адамды ұсталды. Соңғы рет әйелді Алматыда көргенін ескере отырып, жоғалып кеткен адамды іздестіру ісі Түрксіб ауданында тіркелді. Кейін іздеу шараларына Алматы облысының полицейлері де қосылды. Олар хабар-ошарсыз кеткен әйелдің барлық бағытын бақылап, оның жоғалуына қатысы бар ерлі-зайыптыларды ұстаған. Іздестіру шаралары барысында әйел тонаудың құрбаны болуы мүмкін деген болжам қарастырылды", - деді Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері .

Облыстық полиция өкілдері күдіктілердің Алматыда тұратын ерлі-зайыптылар екенін анықтаған. Олар жалға алынған автокөлікпен жеке адам тасымалдаумен айналысқан. 27 мамырда марқұм жолаушы ретінде солардың көлігіне отырған. Әйел өлгеннен кейін отбасылық жұп оны көміп тастаған.

"Екі адам, ер мен әйел анықталды. Оларға ұрлық және кісі өлтіру бойынша айып тағылған. Күдіктілер жәбірленушінің мәйітін жерлеген орнын көрсетті. Екеуі де ұсталды және қамауға алынды", - деп нақтылады полицейлер.

Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды және сараптамалар тағайындалды. Тергеу шарасымен Іле аудандық полициясы айналысады. Әйелдің екі баласы болған. Батура Мамедова 27 мамырда із-түссіз жоғалып кеткен. Әйел кешкі уақытта жұмысынан шығып үйіне қайтып келе жатқан. Қалада ол сұлулық салонында жұмыс істеген. Туыстарының айтуынша, ол соңғы рет үйге келе жатырмын деп хабарласқан.

Қаладан облысқа ол бірнеше көлік ауыстыруға (автобуспен және таксимен) мәжбүр болған екен. Туыстарының болжамы бойынша, оны біреулер тонап, ұрып кеткен болуы мүмкін. Жоғалып кеткен күні ол өзімен қомақты сома алып жүрген және бағалы әшекей бұйымдары болған.