Сыртқы барлау қызметіне жаңа басшы тағайындалды

0
1 088

Ғабит Байжанов "Сырбар" сыртқы барлау қызметін басқарады


Сыртқы барлау қызметіне жаңа басшы тағайындалды

Ғабит Байжанов Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатылсын", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Қалмұханбет Қасымов ішкі істер министрі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалған болатын.