​Сыртқы Істер министрі тағайындалды

0
1 484

Елбасы Жарлығына орай ҚР Сыртқы Істер министрі лауазымына Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов тағайындалды.


​Сыртқы Істер министрі тағайындалды

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Ә.Исекешев еліміздің Сыртқы Істер министрлігіне тағайындалған жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елбасы Жарлығына орай ҚР Сыртқы Істер министрі лауазымына Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов тағайындалды.

Бейбіт Бәкірұлы 1964 жылы туған. Қазақ политехникалық институтын, Санкт-Петербор мемлекеттік экономика және қаржы университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Норильск тау-кен металлургия комбинатының мыс қорытатын зауытында балқытушы болып бастады, 1985-1991 жылдары Шымкент қорғасын зауытында металл балқытушы, ауысым шебері, инженер-технолог, жетекші инженер болып жұмыс істеді. 1991-2006 жылдар аралығында коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды.

2006-2012 жылдары дипломатиялық қызметте болды. Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы, Бруней-Даруссаламдағы, Филиппин Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы болып тағайындалған. 2012 жылғы қазаннан Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы, 2014 жылғы тамыздан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы болған. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болған.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметінен босатылды.