Сыртқы қарыз 37,1 миллиард АҚШ долларға жетті

0
769

Қарыз көлемі Ұлттық қордағы активтердің 67 процентіне тең.


Сыртқы қарыз 37,1 миллиард АҚШ долларға жетті

Қазақстан Үкіметінің және квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы 37,1 миллиард АҚШ долларына жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазақстан телеарнасына сілтеме жасап.

Барлық министрліктер мен жергілікті атқарушы органдардың басқа елдер алдында берешегі бар. Қарыз көлемі Ұлттық қордағы активтердің 67 процентіне тең.

Бұл туралы Сенаттағы Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Серікбай Трұмов мәлімдеді. Сенаторлардың айтуынша, қарызға алынған қаржыны пайдалану бойынша проблемалар бар.

Олар қарыздың көбеюіне әкеліп соғады. Несиені игеру бойынша да мәлімет аз және осы ақшаның көмегімен жүзеге асқан жобаларға бақылау нашар жүргізіледі.