Табиғатта вирустық ауруларға ем жоқ – дәрігер

0
559

Маман елде коронавирус індетінің екінші толқыны келер болса, оның қалай өтуі мүмкін екеніне тоқталды.


Табиғатта вирустық ауруларға ем жоқ – дәрігер

ERNUR.KZ. «Желмая» жобасында анестезиолог-реаниматолог дәрігер Ғабит Нұрханұлы елдегі ауруханалардағы жағдай туралы айтты, деп жазады baq.kz.


Негізі жағдай ауа райына да байланысты. Күн салқындаса, науқастар саны да артады. Күн жылынса, тиісінше, азаяды. Қазір емделіп жатқандар бірінші толқында вирус жұқтырғандар. Коронавирус үш-бес айға дейін ұзақ емделеді. Адамдар бұл вирус өкпені ғана зақымдайды деп ойлайды. Анығында, ол кірген жердің бәрін зақымдайды. Вирус ағзада қалды, оның қашан толыққанды шығатынын ешкім айта алмайды. Кейбіреулер тез жазылады, енді бірінде вирус созылмалы түрде өтеді. Коронавирустың әсерінен менингиттің де асқынғанын көрдік, - дейді дәрігер.

Дәрігер вирустық ауруларға ем жоқ екенін айтады.

Табиғатта вирустық ауруларға ем жоқ. Себебі, олар әркезде гендік мутацияға ұшырап отырады. Мысалы, СПИД-ті алайық, ол бір күнде 3000-ға дейін түрленеді. Сол себепті вирусқа қарсы ем табылмай келеді. Гендік мутацияға өзгере бергендіктен, ол антибиотиктерге деген сезімталдығын жоғалтады. Коронавирус та сол сияқты. Бұл індетті емдеу кезінде СПИД-ті емдеуге арналған дәрілердің қолданылуы да сондықтан, - деді Ғабит Нұрханұлы.

Ғабит Нұрханұлы біздің елде коронавирус індетінің екінші толқыны келер болса, оның қалай өтуі мүмкін екеніне тоқталды.

Қазір халық әбден түсінді, сақтық шараларын орындап жүр. Екінші толқынның ең ауыр түрі бізге келер жылдың маусым айына түсуі мүмкін. Дүниежүізілк денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, бұл вирус шамамен екі жылға созылады. Мүмкін ағзамыз бейімделіп, үйреншікті ауруға айналар, - деді ол.