Таеквондодан әлем чемпионаты өтпейтін болды

0
504

Биылғы әлем чемпионаты Болгарияның София қаласында 14-18 қазан күндеріне жоспарланған еді. Десе де София 2022 жылғы әлем біріншілігін қабылдайды.


Таеквондодан әлем чемпионаты өтпейтін болды

ERNUR.KZ. Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының атқарушы комитеті коронавирус пандемиясына байланысты жастар арасындағы әлем чемпионатының өтпейтінін мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

ҚР ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының атқарушы комитетінің видеоконференциясы өтіп, онда атқарушы комитет мүшелері спортшылардың денсаулығын, қауіпсіздігін бірінші орынға қоя отырып, чемпионатты өткізбеу туралы шешім қабылдағанын жариялады.

Биылғы әлем чемпионаты Болгарияның София қаласында 14-18 қазан күндеріне жоспарланған еді. Десе де София 2022 жылғы әлем біріншілігін қабылдайды.