Тағы 3 адамның жағдайы ауыр: Атыраудағы атысқа қатысты жаңа деректер белгілі болды

0
686

Зардап шеккендердің бірінде ашық бас сүйек-ми жарақаты бар.


Тағы 3 адамның жағдайы ауыр: Атыраудағы атысқа қатысты жаңа деректер белгілі болды

ERNUR.KZ. Атырау облысындағы атыстан жарақат алып, ауруханаға түскен үш адамның жағдайы ауыр, деп жазады Stan.kz

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, атыста жарақат алған 3 адамның жағдайы ауыр.

Дәрігерлердің айтуынша, қолынан жеңіл жарақат алған бір жәбірленуші үйіне шығарылған. Бір жәбірленуші қол жарақатымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді. Жағдайы тұрақты, алаңдаушылық туғызбайды. Ол ем қабылдап жатыр.

Зардап шеккен үш адам түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Жағдайлары бірқалыпты, ем қабылдап жатыр. Олар травматология бөлімінде дәрігерлердің бақылауында.

"Зардап шеккендердің бірінде ашық бас сүйек-ми жарақаты бар. Орташа ауырлықта. Сол жақ көзі ауыр жарақаттанған. Денесінде жаралар бар. Қазіргі уақытта жағдайы ауыр, нейрохирургия бөлімшесінде ем алуда. Тағы бір жәбірленуші жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Жеңіл дәрежеде. Денесінде оқ жарақаттары бар. Сол қолтық аймағында кесілген жара. Қазіргі уақытта жағдайы орташа ауыр, орташа, нейрохирургия бөлімінде ем алуда. Үшінші ер адамның кеудесінде, қолдарында, басы және бетінде жарақаттар көп. Сол көзі көгерген. Жағдайы орташа ауыр, шұғыл хирургия бөлімшесінде ем алып жатыр", - деді ведомствода.