Таласқа түскен ақтөбелік қыздың тағдыры шешілді

0
1 085

Ақтөбе қаласының кішкентай тұрғыны 4 жыл бойы бала күтушісі Марианна Фотексудың тәрбиесінде болды.


Таласқа түскен ақтөбелік қыздың тағдыры шешілді

ERNUR.KZ. Ақтөбеде анасы күтушіге тастап кетіп, 4 жыл бойы бөтеннің тәрбиесінде болған 5 жастағы бүлдіршінге қатысты комиссия отырысы өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласының кішкентай тұрғыны 4 жыл бойы бала күтушісі Марианна Фотексудың тәрбиесінде болды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, қалалық қорғаншылық және қамқоршылық органы іздеу жариялап, анасы Астана қаласынан табылған болатын.

Бала дереу «Аяла» өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қорғау орталығына жатқызылып, қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысын, шешімін күтті.

«Қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия бүлдіршінді анасына беруге бірауыздан шешім қабылдады. Сонымен қатар, Астана қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органына ата-аналық міндетті дұрыс атқармағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту, анасын бақылауға алу туралы ұсыныс берді», - деді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Ағырыс Шағырова.