Талдыкөлде балық қырылған: Қазгидромет тексеріс жүргізді

0
2 118

Су сапасының сараптамасы 30 физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілуде.


Талдыкөлде балық қырылған: Қазгидромет тексеріс жүргізді

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясынан балықтардың өлуі туралы ақпарат түсуіне байланысты, «Қазгидромет» РМК Қызылорда облыстық Экология департаментімен бірге 07.01.2021 күні жоспардан тыс тексеруге шығып, Талдыкөл су айдынындағы екі нүктеден су сынамасын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Су сапасының сараптамасы 30 физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша (басты иондар, биогенді, органикалық және органикалық емес заттар, ауыр металдар және т.б.) жүргізіледі.

Алғашқы күнгі сараптаманың қорытындысы бойынша су температурасы 1,8–3,1ºC аралығын көрсетті, сутек көрсеткіші 7,6-7,7, судың тұнықтығы - 21см, түстілігі – 6-8 градус, иісі – 0 балл болды. Табиғи суға тән емес иіс табылған жоқ. Суда ерітілген оттегі концентрациясы төмен екені анықталып, 1,6-3,0 мг/дм3 –ты көрсетті. Оның көлемі 4 мг/дм3-тан жоғары болғанда нормаға сай деп есептеледі.

Қазіргі уақытта су сынамасының сараптамасы басқа да көрсеткіштер бойынша жалғасып жатыр. Оның қорытындылары туралы қосымша хабарланады.