Талдықорғанда балалар мектепке аяқтарына пакет киіп баруға мәжбүр

0
492

Өз кезегінде Талдықорған қаласының әкімдігі жарияланған видеоға түсініктеме берді.


Талдықорғанда балалар мектепке аяқтарына пакет киіп баруға мәжбүр

ERNUR.KZ. Қазнет қолданушылары мектепке аяқтарына пакет киіп, шаң басқан жолдың бойында кетіп бара жатқан балалардың видеосын белсенді таратып жатыр, деп жазады Zakon.kz.

Видеодағы мәліметке сүйенсек, Ащыбұлақ саяжай қоғамынан Талдықорғандағы мектепке юалалар дәл осылай аяқтарына пакет киіп баруға мәжбүр.

Балаларымыз күнде мектепке осылай кетеді. Біздің көшелер қашан қалыпты жолға айналады? – дейді видеоның авторы.

Өз кезегінде Талдықорған қаласының әкімдігі жарияланған видеоға түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта «Ашыбұлақ» саяжай қоғамдастығына орталықтандырылған су желілері тартылуда. Жұмыстар 30 қыркүйекке дейін аяқталады деп күтілуде.