Талдықорғанда экспедиторға қарулы шабуыл жасалды

0
773

Жарақат алған экспедитор ауруханаға жеткізілді.


Талдықорғанда экспедиторға қарулы шабуыл жасалды

ERNUR.KZ. Талдықорғанда экспедиторға қарулы шабуыл жасалды, деп жазады zakon.kz.

Күдікті ретінде ұсталған Талдықорған қаласының екі тұрғыны қазір қамауға алынды.

Қылмыс Талдықорғанда жасалды. 29 қаңтарда полицияға қаладағы сауда-саттықпен айналысатын компанияларының бірінің экспедиторына қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабар түсті. Белгісіз екі белгісіз адам оны пышақпен жаралап, шамамен 1 млн теңгені алып кеткен. Полиция бірнеше сағаттың ішінде күдіктілерді анықтап, ұстады.

"Ұйымдастырылған жедел-іздестіру шаралары барысында анықталған екі күдікті қамауға алынды. Екеуі де 1987-88 жылы туған жергілікті тұрғындар болып шықты. Қылмыс дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192 бабы, 2 бөлігімен (қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұрланған ақша табылып, тәркіленді және заттай дәлел ретінде танылып, заңды иесіне қайтарылды", - деді Талдықорған Полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапа.

Тергеу барысында күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Пышақтан жарақат алған экспедитор ауруханаға түсті.

ҚР Қылмыстық кодексінің 192 бабы, 2 бөлігі (қарақшылық) мүлкін тәркілеумен бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.