Талдықорғанда суға аққан қыз 5 күннен бері табылмай жатыр

0
899

Қазір жасөспірімді іздеуге 300-ге жуық адам жұмылдырылған.


Талдықорғанда суға аққан қыз 5 күннен бері табылмай жатыр

ERNUR.KZ. Талдықорғанда 5 күн бұрын суға ағып кеткен 2004 жылғы Айнагүл Сқақбай Нұржанқызын іздеу жұмыстары жалғасуда. Қазір жасөспірімді іздеуге 300-ге жуық адам жұмылдырылған, деп жазады almaty.tv.

«Іздеу жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 120 адам жұмылдырылды. Оған қоса еріктілер мен әскерилер барлығы 300-ге жуық адам қыз баланы іздестіріп жатыр. Олар Қаратал өзенінің арнасын бұрып іздеді. Өзеннің 62 шақырым жағалауы толықтай тексерілді. Сүңгуірлер де іздеу жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Бірақ әзірге қыз бала табылмады», - деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.

Айта кетейік, 5 шілде күні 14 жастағы Айнагүл Қаратал өзеніне ағып кеткен. Оқиғаға оның 7 және 11 жастағы туыстары куә болған.