Талдықорғанда суға батқан қыздың денесі алты күннен соң табылды

0
1 032

Мүрдені Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары тапты.


Талдықорғанда суға батқан қыздың денесі алты күннен соң табылды

ERNUR.KZ. Талдықорғанда 6 күн бұрын суға ағып кеткен 2004 жылғы Айнагүл Сқақбай Нұржанқызының мүрдесі табылды. Жасөспірімнің денесі Қаратал өзенінен шығарылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қыз баланың аяғы тасқа тіреліп қалған. Мүрдені Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары тапты», деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.

Айта кетейік, 5 шілде күні 14 жастағы Айнагүл Қаратал өзеніне ағып кеткені хабарланған болатын. Оқиғаға оның 7 және 11 жастағы туыстары куә болған. Жасөсіпірмнің денесін іздеуге 300-ге жуық адам жұмылдырылған болатын. Олар алты күн бойы өзеннің арнасын бұрып, іздеу жұмыстарын қарқынды жүргізді. Баланы іздеуде еріктілер де белсенділік танытты.