Талдықорғанда жасөспірім қызды зорлаған күдікті ұсталды

0
364

Жасөспірім қызды көлікте зорлаған.


Талдықорғанда жасөспірім қызды зорлаған күдікті ұсталды

Талдықорғанда жасөспірім қызды зорлады деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кәмелетке толмаған қыздың зорланғаны туралы арыз 29 тамызда Талдықорған полициясына түскен.
"Қазақстан Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы зорлау) және 121-бабының 3-1-бөлігі (Кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша қылмыстық іс тіркелді", - делінген хабарламада.
Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды. Зорлық Тоyota Camry автокөлігінің салонында жасалғаны анықталды. Автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды.
Күдікті ретінде полиция қызметкерлері 20 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеуді облыстық полиция департаменті бақылауға алды.