Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі апатқа түсіп, ішіндегі аяғы ауыр келіншек көлікте босанды

0
1 264

Қазір оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.


Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі апатқа түсіп, ішіндегі аяғы ауыр келіншек көлікте босанды

ERNUR.KZ. Талдықорғанда аяғы ауыр әйел перзетханаға жетпей, жедел жәрдем көлігінде босанды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жетісу облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, аяғы ауыр келіншекті Қапал ауылынан Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталыққа алып келе жатқан. Бірақ жолда жедел жәрдем көлігін өзге көлік келіп соғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Ал толғағы қысып тұрған келіншекті фельдшерлердің көлік ішінде босандырып алуына тура келген.

"Айы-күні жеткен келіншектің шақыртуы диспетчерлік пультке түсе сала қалалық 1/16 бригадасы жәдел жәрдем көлігімен бірден жолға шыққан. Қала маңындағы Қапал бұрылысынан бет алған көлік ішінде Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталыққа баруы тиіс әйелдің толғағы қысып, фельдшерлерге оны көліктің ішінде босандырып алуға тура келген. Абылайхан Керімқұлов және Динара Қуат Матай аулының акушерімен бірге алгоритм бойынша әрекет ете бастаған. Алайда, перзентханаға барар жолда кенеттен жедел жәрдем көлігін басқа көлік келіп қағады да, оқиға орнынан қашып кетеді. Қазір іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Апатқа қарамастан ана мен балаға дәрігерлер тиісті көмекті көрсетіп баққан. Нәтижесінде олар дін аман ауруханаға жеткізілді",-деп мәлімдеді Жетісу облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Жедел жәрдем көлігінде босанған әйелдің бұл үшінші баласы екен. Сәбидің салмағы 4 келі. Дүниеге ұл бала келді.