Талдықорғанда жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті (видео)

0
2 333

​Өрт шыққан кезде автобуста бес жолаушы болған, олар салоннан шығып үлгерген, ешкім жарақат алған жоқ.


Талдықорғанда жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті (видео)

ERNUR.KZ. Талдықорған қаласының орталығында жолаушылар автобусы өртеніп кетті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.





Бүгін таңертең сағат 07:55-те Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік пультіне облыс орталығы көшелерінің бірінде автобус өртенгені туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер келген уақытта автобус толығымен отқа оранған.


"Өрт сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. 14 қызметкер мен 3 бірлік арнайы техника оқиға орнына барды", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.


Еңбек – Талдықорған бағытында жүретін № 228 жолаушылар автобусы жанып кеткені анықталды. Өрт кезінде қоғамдық көлікте 5 жолаушы болған, олар салоннан өз бетімен шығып үлгерген.