Талғарда балабақшада көз жұмған 4 жасар қыздың өліміне қатысты жаңа дерек шықты

0
957

Талғардағы балабақшада пластмасса ойыншық жұтып қойған 4 жасар қыз көз жұмды.


Талғарда балабақшада көз жұмған 4 жасар қыздың өліміне қатысты жаңа дерек шықты

ERNUR.KZ. Мекеме қызметерлернің сөзінше, бүлдіршін түскі ұйқыдан кейін оянбаған, деп жазады kaz.nur.kz.

Қайғылы оқиға жекеменшік балабақшалардың бірінде болған. Талғар ауданы әкімдігінің балабақша қызметкеріне сілтеме жасап мәлімдеуінше, 26 қарашада сағат 15.20-да бала түскі ұйқыдан соң оянбаған. Содан кейін жедел медициналық көмек шақырылып, ата анасына хабар берілген.

Шақырту шұғыл болғандықтан оқиға орнына дереу дәрігерлер бригадасы жіберілген.

"Алдын ала деректер бойынша баланың тамағынан бөгде зат табылған. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр", - деді Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің хабарлауынша, болған оқиға туралы белгілі бола салысымен балабақшаға аудан әкімінің орынбасары мен білім бөлімінің басшысы барған.

"Талғар ауданының әкімдігі қыздың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады және тергеу барысын бақылауына алады", - деді ведомстводан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысының полиция департаменті балабақшада болған қайғылы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігіне сәйкес (Абайсызда кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соққан балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) тергеу басталғанын хабарлаған еді.