Талғарда ойыншық автоматпен халықты қорқытқандар қолға түсті

0
2 114

Тәртіп бұзғандар бұзақылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Талғарда ойыншық автоматпен халықты қорқытқандар қолға түсті

ERNUR.KZ. Олар базардан сатып алған Калашников автоматымен көшеге шығып, елдің есін шығарған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеодан кейін полиция дер кезде шара қолданды. Тәртіп бұзғандар қолға түсіп, бұзақылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Онымен қоса, бұл істеріне өкінетіндерін жеткізіп, жұрттан кешірім сұрады.

«Түсінбестік жағдай болды, айып етпеңіздер. Сондай-ақ мен Денис Касапалов сіздерден кешірім сұраймын», – деді бұзақылық жасағанын мойындаған Денис Констанович.