Жоғары сот кеңесінің төрағасы қызметінен босатылды

0
415

Жоғары Сот Кеңесінің жаңа төрағасы Денис Шипп болып тағайындалды.


Жоғары сот кеңесінің төрағасы қызметінен босатылды

Президент Талғат Донақовты Жоғары сот кеңесінің төрағасы қызметінен босатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Талғат Советбекұлы Донақов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Талғат Донақов 1991-1992 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Философия және құқық, мемлекет және құқық институтының ғылыми хатшысы болып жұмыс істеді. 1992-1994 жылдары Қазақстан Жоғарғы Кеңесі аппаратында төрағаның кеңесшісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары болды. 1994 жылдан 2000 жылға дейін Президент Әкімшілігінің Заңнама және құқықтық сараптама, сот жүйесі, мемлекеттік-құқық бөлімі мәселелері бойынша консультант, сектор меңгерушісі, меңгерушінің орынбасары, меңгерушінің бірінші орынбасары, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2000-2002 жылдары Әділет министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2002 жылдан 2004 жылға дейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 2004-2008 жылдары Президент Әкімшілігінің Заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2008 жылғы ақпан-қазан аралығында Президент Әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
2008-2015 жылдары Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2015-2016 жылдары мемлекеттік қызмет істері министрі болды.
2016-2018 жылдары Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2018 жылғы сәуірден бастап Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді.
Жоғары Сот Кеңесінің жаңа төрағасы Денис Шипп болып тағайындалды.